Елімізде Президенттің өкілеттігі біртіндеп қысқарады

Елімізде Президенттің өкілеттігі біртіндеп қысқарады

Мемлекет басшысы Парламенттің рөлі айтарлықтай артатынын алға тартты. Бұл туралы ол «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында айтты.

«Біз Президенттің өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рөлін айтарлықтай арттыруымыз керек. Сол арқылы мемлекетіміздің институционалдық тұрығын нығайтамыз», – деді Қ. Тоқаев.