Мәжіліс ЕЭК бәсекелестік қағидаларына қатысты құжатты мақұлдады

Мәжіліс ЕЭК бәсекелестік қағидаларына қатысты құжатты мақұлдады

ЕЭК-тің құпия ақпараттарды қорғау мен жұмыс істеу тәртібі және оны жария еткені үшін жауапкершілігі айқындалды. Мәжіліс осыны реттейтін құжатқа енгізілген жаңа өзгерістерді мақұлдады.

Бұған қоса хаттамаға бірқатар редакциялық өзгеріс енді. Осы орайда «тараптар» деген «мүше мемлекеттер», «бірыңғай» деген «жалпы» және «қызметкерлер» деген «лауазымды адамдар мен қызметкерлер» деген сөздермен ауыстырылды.

Айта кетейік, осыдан 8 жыл бұрын Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері бірлесіп қол қойған келісімге Қырғызстан және Армения мемлекеттері кейінірек қосылған еді.

Серік Жұманғарин, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:

- Комиссия трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыру аясында өтініштерді қарау, тергеп-тексерулер жүргізу мен істерді бақылау сияқты қажетті ақпаратты, оның ішінде мемлекеттік билік органдарынан, заңды және жеке тұлғалардан құпия ақпаратты сұратады әрі алады. Хаттаманы ратификациялау және қабылдау ЕЭК-тің ЕЭО туралы шарт ережелеріне сәйкес бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерін толық іске асыруды қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.