Қазақстан гендерлік теңдікті қорғау тәжірибесін таныстырды

Қазақстан гендерлік теңдікті қорғау тәжірибесін таныстырды

Алматыда Еуразиялық гендерлік теңдік мәселелерін зерттеу орталығын құру. Мұндай ұсынысты Санкт-Петербургте өтіп жатқан III Еуразиялық әйелдер форумында қазақстандық делегация ұсынды. «Ол бүкіл әлемдегі әйелдерге қыз-келіншек пен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді», - дейді сарапшылар.

Ләззат Рамазанова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы:

- Гендерлік бастамаларды қолдау саясатында жүйелілік жоқ. Өз білім-білігімізді қолданып Орталық Азия гендерлік ағарту орталығын құратын уақыт келді. БҰҰ-ның аймақтық хабы ретінде Қазақстан өте жақсы алаң бола алады. Соның аясында тәжірибесі мол мамандарды тартуға болады.

Біздің елімізде әйелдер қауымы экономика, саясат, сондай-ақ әлеуметтік сияқты әр салада қызмет етіп жүр. Сонымен қатар жалпы ішкі өнімнің шамамен 40% әйелдердің есебінен құралады. Шешім қабылдау жағынан да іскер әйелдердің үлесі біршама артқан. 30% гендерлік квота енгізілгелі жергілікті билік органдарына сайланған әйел-депутаттар саны 2 есеге өсті. Еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің 60% – әйелдер.

Ольга Перепечина, ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы:

- Пандемия жағдайында әсіресе әйелдердің үлкен рөлін көрдік, өйткені әйелдердің 80% астамы білім беру мен денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп жүр. Олар осы қиын уақытта денсаулығымызға, сондай-ақ балаларымыздың біліміне үлкен жауапкершілікпен қарай білді. Мемлекет басшысының қолдауымен сонымен қатар заңнамалық қамтамасыз етудің кешенді бағдарламасы әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын 2-2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ форумға қатысушылар ауған әйелдерінің тағдырына да назар аударды. Олар Ауғанстанға гуманитарлық жүк жеткізуді ұйымдастыру туралы да мәселе көтерді.