Ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына Елбасы кандидатурасы ұсынылды

Ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына Елбасы кандидатурасы ұсынылды

Елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуінде Ғұламалар кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Консультативтік орган ұйымның дамуына байланысты көптеген мәселелер бойынша жоғары деңгейдегі маңызды кеңестер береді. Оның ішінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ сенім шараларын имплементациялау және ұйым қызметінің одан арғы бағыттары мен басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылады. Ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынды.

Қайрат Сарыбай, АӨІСШК хатшылығының атқарушы директоры:

- Қатысушылардың басым көпшілігі Ғұламалар кеңесін құру туралы жалпы шешімді қолдады деп толықтай айта аламын. Айтпақшы, бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Душанбеде өткен АӨІСШК саммитінде айтқан ұсынысы болатын. Көріп отырғандарыңыздай, мемлекеттер бұл ұсынысты қуана қабылдады, арнайы ұстаным қалыптастырды, енді біз бұл ұсынысты іске асыруға ниеттіміз. Менің ойымша, бұл әділ және ақылға қонымды шешім. Ғұламалар кеңесін дәл осы ұйымның негізін қалаушы басқаруы керек.