ҚР Сыртқы істер министрі жоғары деңгейлі кездесулерге қатысты

ҚР Сыртқы істер министрі жоғары деңгейлі кездесулерге қатысты

БҰҰ Бас Ассамблеясының шеңбері аясында еліміздің Сыртқы істер министрі бірқатар жоғары деңгейлі кездесуге қатысты. Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің және Орталық Азия мемлекеттерінің қатысуымен өткен арнайы басқосуда Ауғанстандағы жағдайды шешу, климаттық дағдарысқа қарсы күрес және ковидке қарсы іс-қимыл бойынша жұмыла әрекет етудің маңыздылығын талқылады. Сонымен қатар қазақстандық делегация Молдова, Румыния, Бахрейн және Шри-Ланка елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесті. Сондай-ақ министр бірқатар халықаралық және америкалық бизнес өкілімен Қазақстандағы бизнестің даму перспективалары мен инвестициялық мүмкіндіктерді талқылады.

Джули Монако, City Group-тың басқарушы директоры:

- Қазақстандық нарықта жүргенімізге 25 жыл болды. Өзімізді қазақ еліндегі ірі инвесторлардың біріміз деп айта аламыз. Алдағы уақытта да инвестиция құйып, қаржылық институттар мен жергілікті компанияларды қолдауды жалғастыра бермекпіз. Менің ойымша, шетелдік инвесторлар Қазақстанмен жұмыс істеуге үлкен қызығушылық танытуда. Ол үшін жақсы мүмкіндік жасалған. Ковидке қарамастан, сіздердің экономикаларыңыз тұралап қалмады. Бұл да соның бір дәлелі.