Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Бірінші кезекте Президент егін жинау науқанының барысымен танысты. Өңірде биыл құрғақшылық болып, диқандар егін орағына ерте кіріскен. Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті шаруашылықтардың егістік жерлердің жағдайымен танысып, егін жинау жұмыстарына пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасын көрді. Аграршылар дәнді дақыл алқаптарының жартысынан астамын жинап үлгерген. Орта есеппен гектарынан 11 центнерден өнім алынып отыр. «Мемлекет тарапынан бөлінген субсидиялардың көмегі зор болды», – дейді диқандар. Солтүстік Қазақстан облысы астықты өңірлердің бірі саналады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Шын мәнінде ауыл шаруашылығына озық техника керек. Үкімет тарапынан диқандарға осы озық техникамен жабдықтауы, қамтамасыз етуі керек. Осындай техника болмаса, біздің ауыл шаруашылығы дамымайды. Бұл анық. Сондықтан бұл мәселе бойынша, Үкімет менің тапсырмам бойынша өзінің саясатын жалғастырады.