ҚР СІМ Ауғанстандағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады

ҚР СІМ Ауғанстандағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жағдай бойынша ресми мәлімдеме жасады. Онда Ауғанстанда қалыптасқан ахуалды жергілікті халықтың өзі реттеу керек делінген. Қазақстан тарапы мұндағы билік транзитін бейбіт жолмен өтуін қамтамасыз етуге шақырды. Сондай-ақ біздің тарап БҰҰ жанындағы Қауіпсіздік Кеңесі елде инклюзивті үкімет құрып, аз ұлттар мен әйелдердің құқығын құрметтеу мен өзге де мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың құрылмауына жол бермеу туралы мәлімдемесін қолдайды. Яғни Ауғанстан билігімен диалог орнату кезінде халықаралық құқық нормалары орындалуы тиіс.