Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді

25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды дауыс беруге қатысуға үндеді.

“Тұңғыш рет өтетін ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек», – деп жазды Мемлекет басшысы Твиттердегі парақшасында.

Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын сайлау туралы бастаманы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауында ұсынған болатын.

Айта кетейік, ауыл әкімдерінің сайлауы Қазақстанның 14 облысының 176 ауданындағы 730 округте өтеді.