Сириядан 607 қазақстандық елге оралды

Қазақстанда «Жусан» операциясы аясында 607 адам елге оралды. Олардың 413-і бала. Ауқымды шараны жүзеге асыру үшін 20 шақты мемлекетпен байланыс орнатылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері Отанын сағынған жандардың азаматтығын анықтау оңай болмағанын мойындады. Себебі азаптан құтылудың жолын іздеген өзге мемлекет өкілдері өздерін қазақстандықпыз деп көрсетуге тырысқан. Толық тексеруден кейін азаматтарымыз қорғаныс министрлігі бөлген әскери ұшақпен жеткізілді. Коронавирус пен өзге де кедергілерге қарамастан туған жеріне оралған отандастарымыздың 95% теологтар мен психологтардың көмегін алуда. Сондай-ақ олармен радикалды көзқарастан арылту, оңалту және бейімдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күніне орай сұқбат берген ардагер Абылай Тастамбеков комитетке артылған міндет орасан екенін айтады.    

Абылай Тастамбеков, ҚР ҰҚК-нің отставкадағы генерал-майоры:

- Көбісін халық білмейді. Бірақ ондай жұмыс істемесе, КНБ істемесе, мемлекетке зиян түседі. Мұндай жұмыс обязательно керек.