Қазақстанның 2025 жылға дейінгі ұлттық басымдықтары бекітілді

Халықтың нақты ақшалай кірісі 2025 жылға қарай шамамен 30% өседі. Бұл – ҚР Президенті бекіткен Қазақстанның жалпыұлттық басымдықтары тізімінің бір ғана міндеті. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа құралы саналатын құжат үш негізгі бағыт бойынша он нақты тапсырманы қамтиды. Атап айтар болсақ, азаматтардың әл-ауқаты, мекемелердің сапасы және қуатты экономика құру.

Мысалы, «Әртараптандырылған және инновациялық экономика құру» басымдығы аясында экономиканың шикізаттық емес секторының жалпы қосымша құнын 89 трлн теңгеден асыру, ал өңдеу өнеркәсібін 15 трлн теңгеден жоғары деңгейге жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ құжатта елдің Дүниежүзілік экономикалық форумнан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде «Инновациялық әлеует» бойынша кем дегенде 70-орынға жеткізу де көрсетілген.

Сонымен қатар «Тепе-тең аумақтық даму» басымдығына сәйкес, тұрғындардың жергілікті атқарушы органдардың жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін 80% дейін арттыру жоспарлануда.