Қазақ тіліндегі аудионы бірден мәтінге айналдыратын қосымша шықты

Мемлекеттік тіл сандық үлгіге көшірілді. Айтылған сөзді жазбай-ақ теруге мүмкіндік беретін TezText мобильді қосымшасы қолданысқа шықты. Оның көмегімен қазақ тіліндегі аудиожазбаны бірден мәтінге айналдыруға болады. Бұл – дыбысты танудың озық жүйелерін қамтитын бағдарламалық жасақтама. Бірегей жүйе кәсіби терминдерден құралған. Әзірге тілдік модель қорына 10 мыңнан астам материал, яғни 40 млн сөйлем жинақталған. Болашақта оған адам есімдері қосылып, тыныс белгілерін қою мәселелері шешілмек. Сонымен қатар қолданушылар жаңа сөздерді енгізе алады. Қосымшаны тегін жүктеп алуға болады.

Шон Бода, Нұр-Сұлтан қ. АҚШ елшілігінің пресс-атташесі:

- Бұл – БАҚ пен кәсіби журналистиканы дамыту үшін Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен Бас Консулдығының қолдау көрсететін басқа да көп жобаларының бірі. Ол тек Қазақстанға ғана емес, АҚШ да тиімді. Өйткені журналистер ақпаратқа қол жеткізіп, тез репортаждар жасай алса, бәрімізге де пайдалы. Сонымен қатар дәл осы жоба қазақ тілді журналистерге ақпараттты жазу немесе сұхбаттасу кезінде дыбыс құралдарға жазылған аудионы мәтінге тез және дәл айналдыруда көмегін тигізеді. Сондай-ақ бұл – керемет креативті шешім және БАҚ-ты дамыту бағдарламасы аясында қолдау тапқан жобалардың бірі.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов