Қазақстандық өнертабыстар АҚШ пен Австралиялық инвесторлардың қызығушылығына ие болды

Қазақстандық өнертабыстар АҚШ пен Австралиялық инвесторлардың қызығушылығына  ие болды. Ондай тың әзірлеменің бірі - саңырау адамдарға арналған сүйек құлаққап. Бұл ұжымдық еңбек. Ғалымжан Ғабдрешовтың айтуынша құрылғы музыканың үнін тануға көмектеседі. Сонымен қатар, өнертапқыш зағип жандардың өміріне қажетті жаңа аппарат ойлап тапқан. Ол дыбыстық сигналдың арқасында кеңістікте еркін қозғалып, айналадағы нысандардың орнын анықтауға мүмкіндік береді.

Ғалымжан Ғабдрешов, өнертапқыш:

– Менің зерттеуім зағип жандардың көру қабілетін немен алмастыруға болатынын анықтауға бағытталған. Нәтижесінде адамның миы белсенді дыбыстық биолокация арқылы ғана көре алатынын түсіндіретін бір ғана технология бар деген тұжырымға келдім. Осылайша, сәуле шығарғыштың жұмыс принципін  таптым.  Ол бұл бағытқа арналмаған өндірістік құрылғы. Бірақ біздің болжам дұрыс болғанын дәлелдеп шықтық. Зағип адамдарға арнайы сынақ жүргіздік. Алғашқы 7 күнде олар велосипедті тізгіндеуді үйренді. Олар көзі мүлде көрмей қалғандар.

Қазір ғалымдар тобы өз құрылғыларына халықаралық патент алуға құлшыныс танытуда. Сүйек құлаққапты Қытайда шығару жоспарланған.

Нұрбек Еңсебаев, «Sezual» коммерциялық емес ұйымының негізін қалаушылардың бірі:

– АҚШ пен Австралия ғана емес, сонымен қатар  Германия, Франция, Оңтүстік Африка елдері  біздің  өнертабысымызға үлкен қызығушылық танытып, өздерінде шығарудан үмітті. Шетелдік тарап өз Үкіметтеріне осы ниеттерін жеткізіп, қазақстандық әзірлемені қолдауға қатысты, ол үшін қажетті трансферт бойынша уағдаластыққа жету қамында біздің басшылықпен келіссөздер жүргізу үшін мемлекеттік  деңгейінде хат жазды. Себебі әр құрылғы адамның өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Аспан асты елінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған құралғы жасайтын қазақстандық ғалымдардың ғылыми жаңалықтарын нарыққа шығару ісі жолға қойылған. Арнайы кәсіпорындармен келісім бар.  Мәселен, Брайль шрифтін ерекше атап өтуге болады. Себебі, ғалымдар мен дефектологтар еліміздегі арнайы мектептерге осындай құрылғыларды жасап шығарды.   

Ғалымжан Ғабдірешов, жас ғалым:

–  Олар айтқан негізі проблема көзі көрмейтін балаға алдымен саусақ арқылы санап үйренуі керек. Және оны былайша тездетіп жасау керек. 

Отандық ғалымдар браиль шрифтінің арабша және қытай тіліндегі сөзідігіне  тапсырыс алған. Сондай-ақ жуырда жас ғалымдар АҚШ-тың арнайы  мамандандырылған мектептерінің қызығушылық танытып отырғанын естіді. Еді олар сол елге аттанып, қазақстандық технологияның қыр сырымен  таныстырмақ.