Қазақстандық ғалымдар сүйек тінін қалпына келтіретін биоматериал жасап шығарды

Қазақстандық ғалымдар сүйек тінін қалпына келтіретін биоматериал жасап шығарды. Отандық ғалымдар  ойлап тапқан жаңалықтың  ерекшелігі  -  қарапайым жұмыртқа қабығынан гидроксиапатитті өндіруінде. Мамандар сүйекті алмастыратын минерал   адамның сүйек тініне және тіс эмалына ұқсас екенін атап өтті. Бұл шетелдік баламалардан үш есе арзан.

Зұлқайыр мансұров, жану проблемалары институтының ғылыми жетекшісі:

– Гидроксиапатиттің бір граммы 10 мың теңге тұрады. Бұрын стоматологтар Германиядан, Қытайдан әкелетін. Олар шамамен 30 мың теңге тұрады. Біздікі арзанырақ.

Мақсұт Темірбаев, стоматология орталығының Бас директоры:

– Гидроксиапатит деген минерал бізде көп салаларда пайдалануға мүмкіншілік бар. Оны пайдаланып та келе жатырмыз. Мысалы травматологияда сүйекті емдеу, сосын стоматологияда тіс емдеу имплантация жасаған кезде бұл гидроксиапатитті ақаулардың бәрін бітеуге жақсы әсер етеді де сол кезде ол адамның еті сияқты организм қабылдайды оны.

Жобаны «Қазақ ғылым қоры» қолдап, биоматериалды өндіру технологиясын әзірлеуге 160 миллион теңге бөлді.