Қазақстандық ғалымдар 40-қа тарта бірегей жоба әзірлеген

Қазақстандық ғалымдар 40-қа тарта бірегей жоба әзірлеген

Еліміздің ғылым қоры қолдаған жобалардың үштен бірін экологиялық тың бастамалар құрайды. Жалпы қазақстандық ғалымдар соңғы бес жылда осы бағытта 40-қа тарта бірегей жоба әзірлеген. Олардың бірі – қоршаған ортаға көміртегі тотығы мен басқа да зиянды заттардың бөлінуін айтарлықтай азайта алатын арнайы сүзгілер. Өнертабыс иелері – Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институтының мамандары.

Арын Орсариев, "Ғылым қоры"АҚ басқарма төрағасы:

 – Құбырға жартылай шеңберлі диск орнатылады, ол арқылы жылы ауа өтеді. Осының әсерінен сүзгінің ішінде күшті химиялық реакция пайда болады. Сокольский институтында жасалған арнайы технологиялардың арқасында бөлінетін химиялық реакциялар тазалануы мүмкін. Әдетте, сүзгілер көп қабатты. Басында күрделі химиялық қосылыстар жойылады, содан кейін барып көміртегі тотығы толықтай жанып кетеді. Әзірше, біздің жоба улы газды тұтатқанға дейін жағып жібереді. Есесіне, кәсіпорындарға шығарындылар үшін төленетін құнды біршама арзандатға мүмкіндік береді. Тиісінше, олар өздері бұдан табыс көріп, ең бастысы ауаның ластанбауына сүбелі үлес қосады.  

Алайда, мұндай сүзгілер тек көлік құралдарына ғана жарамды емес, сонымен қатар оларды өнеркәсіптік және мұнай өндіретін кәсіпорындарға да орнатуға болады. Отандық бастама елдің бірқатар өңірлеріндегі қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға өз үлесін қосты. Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Павлодар облыстарында уытты шығарындылардың көлемі айтарлықтай төмендеді.

Болатбек Хусайн, Д.В. Сокольский атындағы «Отын, катализ және электрохимия институты» АҚ техника ғылымдарының кандидаты:

– Каталитикалық бейтараптандырғыш көлік пен өнеркәсіптік нысандардың пайдаланған газын тазартуға мүмкіндік береді. Негізінде, мұндай катализаторлар барлық автокөлік түріне орнатылады. Олардың қызмет ету мерзімі әдетте шамамен 100 мың шақырым немесе қауқары бір жарым жыл жұмыс істеуге жетеді. Ғылым қорымен бірлесе отырып, біз арнайы цех құрдық, қазіргі уақытта оның өндірістік қуаты жылына бес мыңға жуықтады. Бірақ  өндірісті әлі де кеңейтуге болады.  Бұндай қажеттік болса әрине тапсырыстар көбейе түссе.  Оларды жаңа және қолданыстағы көліктерге  орнатуға мүмкіндігіміз бар.

Жоба іске қосылған бірер жыл ішінде ғалымдардың төл өнімі 336 миллион теңге көлемінде пайда әкелді. Қазақстандық мамандардың өнертабысына шет мемлекеттер, соның ішінде Моңғолия мен Қытай елдері үлкен қызығушылық танытып отыр.