Қазақстандық студенттер арасында алғаш рет ІТ жарыс өтеді

Қазақстандық студенттер арасында алғаш рет ІТ жарыс өтеді

Елордада 26-27 наурыз күндері BILIM Hackathon 2022 IT байқауы өтеді. Білім және ғылым министрлігі алғаш рет студенттер мен бағдарламашылар арасында байқау ұйымдастырады. Шараның басты мақсаты – білім беру саласында жаңа ІТ ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ саладағы жас мамандарды ынталандыру.

Жарысқа әр университет пен колледжден бір команда қатыса алады. Оларға әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі. Мысалы, еркін тақырыпта да, берілген тақырып бойынша да білім беру саласындағы цифрлық шешімдер бойынша жоба дайындау керек болады.

Білім хакатонының жүлде қоры да бекітілді. Жеңімпаздарға 1,5 миллион теңге бұйырады. Қазылар алқасының құрамына танымал IT-компаниялардың өкілдері кірді, ал ең үздік қатысушылар жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.