Қазақстандықтар қазақ сөзін түсінетін «ақылды» дыбыстық құрылғы ойлап тапты

Қазақстандық бағдарламашылар «ақылды» дыбыстық құрылғы ойлап тапты. Ол қазақ тіліндегі әңгімеге қосылып, кеңес беріп, сонымен қатар ауа райы немесе валюта бағамы сияқты өзекті сұрақтарға жауап бере алады. Өнертапқыштардың айтуынша, гаджеттің бірінші кезектегі міндеті - мемлекеттік тілдің аясын кеңейту.

Нұрқожа Қалиасқаров, IT-холдингтің жобалау менеджері:

- Осындай құрылғыны жасап, оны дамытуға не түрткі болды? Қазіргі уақытта біз әлеуетті клиенттермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар дауыстық көмекші өзге тілдерде де іске асырылуы мүмкін. Қазіргі таңда алдын ала тапсырыстар да қабылдаймыз. Тестілеу жұмысы жүргізілуде.

Дыбыстық көмекшінің әзірге атауы жоқ. Құрылғының сыртқы түрі де нақтылануда. Алайда онда ұлттық элементтер қолданылатыны анық. Сонымен бірге гаджеттің мүмкіндіктері де кеңейіп келеді. Жыл соңына дейін ол жаппай сатылымға толығымен шығады деп күтілуде. Сондай-ақ ақылды құрылғы  алдағы уақытта мобильді қосымша форматында қолданылуы мүмкін.

Динара Алимова, сөйлеу технологиясы лабораториясының жетекшісі:

-  Біз 2019 жылы жұмыс істей бастадық. Өте ұзақ уақыт кетті. Барлық деректерді қолмен жинадық, яғни біздің ең маңызды байлығымыз - біз жұмыс істеген деректер. Қазір құрлығы 5 мың сағаттан, аудио деректер мен мәтіннен тұрады. Біздің қазақ және аралас тілдердің танылу дәлдігі қазір 75% асты, яғни біз 80% жақындап келеміз. Бұл - елдегі ең үлкен көрсеткіш.

Сонымен қатар дәл осы жоба аясында қазақстандықтар «спичлаб» веб-сайтында қазақ тіліндегі аудионы мәтінге айналдыра алады. Бұл технология виртуалды көмекшілерге, көзі нашар көретіндерге, навигацияға және басқа жүйелерге үлкен көмек болады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов