COVID-19: Нұр-Сұлтанда ахуал ушығып барады

azattyq-ruhy.kz

Елордада коронавирусқа шалдығып, ауыр жағдайда жатқан әрбір бесінші пациент 40 жасқа жетпеген. Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бұған дейін 60 жастан асқан азаматтар қауіп тобына жатқызылып келсе, қазір коронавирус басқа да жастағы топтарға қатер төндіруде. Қаланың инфекциялық стационарларында мыңнан аса науқас дәрігер бақылауында ем қабылдауда. Төсек-орындардың жартысынан көбі толды. Медицина қызметкерлеріне артылған жүктеме бірнеше есе өсті. Реанимация бөлімдерінде 100-ден аса науқас жатыр.

Еске сала кетсек, елордада соңғы аптада коронавируспен сырқаттанушылық 43% өскен.

Авторы: Бану Тәжібек

×