Қазақстандық онколог «Призвание» сыйлығымен марапатталды

Қазақстанның бас онкологы Диляра Қайдарова «Призвание» беделді сыйлығына ие болды. Дәрігер аталмыш марапатты Мәскеуде Медицина қызметкері күні қарсаңында алды.

Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басшысы онкофертильділік бағдарламасының табысты нәтижесі үшін марапатталды. Бұл – отандық және ресейлік ғалымдардың бірлескен жобасы. «Призвание» сыйлығы емдеу мен диагностиканың жаңа әдістерін жасауда серпіліс жасаған, табысты ғылыми жаңалықтар ашқан және әлемдік медицинаның дамуына үлес қосқан дәрігерлерге 10 жыл бойы беріліп келеді.

Диляра Қайдарова, ҚР ҰҒА академигі, онколог:

- Қазақстанда 50-ден астам бала осы жаңа технологиялардың көмегімен туды. Ал мына номинация ракпен ауырған аналардың бала тууға мүмкіндігі бар екенін, яғни медицинада жаңа бағыт қалыптастырғанымыз үшін табысталды.