124 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

124 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 841 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 124 056 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 836  COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 139 995.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 16880

Алматы қаласы - 16816

Шымкент қаласы - 5417

Ақмола облысы - 5995

Ақтөбе облысы - 3553

Алматы облысы - 6062

Атырау облысы - 11973

Шығыс Қазақстан облысы - 17557

Жамбыл облысы - 4620

Батыс Қазақстан облысы - 8447

Қарағанды облысы - 11387

Қостанай облысы - 6174

Қызылорда облысы - 3308

Маңғыстау облысы - 3477

Павлодар облысы - 7498

Солтүстік Қазақстан облысы - 7303

Түркістан облысы – 3528

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 137 жағдайы  және 4 өлім жағдайы  тіркелді. Оған қоса 65 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 43 635, 462 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны  31 282 жетті.