Ел өңірлеріне 4,4 млн доза екпе жеткізілді

«QazVac» вакцинасының 100 мың данасы өңірлерге жеткізілді. Келесі легі аймақтарға үстіміздегі ай соңына дейін жөнелтіледі. Бұл жөнінде бүгін арнайы брифинг барысында бірыңғай отандық дистрибьютер «СҚ-Фармация» басшысы мәлімдеді. Ерхат Есқалиевтің айтуынша, бұған қоса қазір қолда «CoronaVac» екпесінің 500 мың дозасы бар. Өңірлерге 12 маусымнан кейін жіберіле бастайды. Сондай-ақ қазіргі таңда «Hayat-Vax»-тың  да 1 млн дозасы сатып алынып, елді мекендерге тасымалданып жатыр. Жалпы қатерлі індетке қарсы иммундау науқаны басталғалы өңірлерге 4,4 млн доза екпе жеткізген. «Маңызды үрдіс жоспарға сай жүргізілуде», – дейді спикер.

Ерхат Есқалиев, «СҚ-Фармация» ЖШС басшысы:

- «Спутник V» вакцинасының 10 млн 280 мың дозасы сатып алынды. Оның ішінде ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап өңірлерге бірінші компоненттің 1,9 млн дозасы және екінші компоненттің 1,4 млн. дозасы жөнелтілді. 1 маусымға дейін бірінші компоненттің 1 млн 200 мың дозасын және екінші компоненттің 525 мың дозасын жөнелту аяқталды. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов