Қазақстанда КВИ жұқтыру көрсеткіші төмендеп келеді

Қазақстанда қатерлі індеттің қаупі бәсеңдеп барады. Елімізде соңғы аптада оның алдындағы күндерімен салыстырғанда коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші 21% төмендеді. Ал өткен екі аптада ем алып жатқан науқастардың саны 12 мың адамға азайды. Мамыр айының ішінде дертке шалдығу дерегі 1,6 есеге төмендеді. 1 маусымдағы мәліметтерге сай, елдегі инфекциялық төсек-орындар жүктемесі 1,5 есеге қысқарып 28% құрады, ал реанимациялық төсек-орындар 24% толы. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Қазақстан «сары» аймақта тұр.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан 221 елдің ішінде ауру көрсеткіші бойынша 104-орында тұр. Ал өлім-жітім көрсеткіші бойынша Қазақстан соңғы 4 аптаның ішінде көрсеткішін 5 позицияға жақсартып, 107-орыннан 112-орынға көтерілді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов