Вакцина алғандарға қағаз анықтама беріледі

1 маусымнан бастап Қазақстанда екпе салдырған азаматтарға вакцина алғаны туралы қағаз анықтамалар беріле бастайды. Бұл туралы еліміздің Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында айтылған.

Сондай-ақ медициналық ұйымдар мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып, коронавирусқа қарсы екпе салу шараларын бастауы тиіс. Ал шетелде вакцина алған қазақстандықтар туралы мәліметтер 1 шілдеден бастап еліміздің деректер қорына енгізіледі. «Бұдан бөлек, құжатта Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының жауапты тұлғалары коронавирусқа қарсы вакциналардың қозғалысы жөніндегі деректерді вакцинация модуліне күн сайын енгізуі міндетті», – деп жазылған қаулыда.