Қазақстанда тағы бір вакцина пайда болуы мүмкін

Отандық «QazVac» вакцинасын жақын арада шетелде де қолдануы мүмкін. Ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебреиесус ел Президентімен онлайн-кездесу барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «QazVac»-ты төтенше жағдайларда қолдану үшін ұсынған дәрі-дәрмектер тізіміне енгізу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін мәлімдеді. ДДСҰ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пандемияға қарсы іс-қимыл үлесін жоғары бағалады. 

«Бүгінге дейін 2 миллион адамға вакцина салынған екен. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Көптеген ел мұндай деңгейге жеткен жоқ. Халықтың 55% екпе саламыз деген мақсаттарыңыз қолдауға тұрарлық», – деді ДДСҰ басшысы.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы тағы бір вакцина пайда болуы мүмкін. Препаратты жасаумен астанадағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жанында жұмыс істейтін Халықаралық вакцинология орталығы айналысуда.

Жаннат Сатыбалдиева, Медицина ғылымдарының докторы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы:

- Бұл өте маңызды процесс болғандықтан Масғұт Айқымбаев атындағы институтта зерттеудің клиникаға дейінгі бөлігі жануарларда жүргізілді. Сондай-ақ иммуногендік қасиеттерді приматтарда да зерттеу жоспарлануда, бұл – өте маңызды зерттеу. Нәтижесін күтудеміз.