122 мың 300-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

122 мың 300-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 944 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 122 291 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 729  COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 138 382.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 16641

Алматы қаласы - 16667

Шымкент қаласы - 5406

Ақмола облысы - 5862

Ақтөбе облысы - 3539

Алматы облысы - 5979

Атырау облысы - 11905

Шығыс Қазақстан облысы - 17329

Жамбыл облысы - 4572

Батыс Қазақстан облысы - 8378

Қарағанды облысы - 11328

Қостанай облысы - 6029

Қызылорда облысы - 3302

Маңғыстау облысы - 3459

Павлодар облысы - 7310

Солтүстік Қазақстан облысы - 7159

Түркістан облысы – 3517

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 215 жағдайы  тіркелді. Оған қоса 109 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 43 339, 456 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны  31 141 жетті.