Отандық вакцина шетелге экспортталады

Қазақстан жақын арада «Спутник V» вакцинасын шетелге экспорттай алады. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне берген сұхбатында Қарағанды фармацевтикалық кешенінің бас директоры Сергей Барон хабарлады. Кәсіпорын басшысының айтуынша, вакцинаға қызығушылық танытушылар бар. Бүгінгі таңда оған жеткізу туралы өтініш бірнеше елден келіп түскен. «Алайда басты міндет – қазақстандықтарды вакцинамен қамтамасыз ету», – дейді маман. Сондай-ақ ол жақын арада зауыт жұмысшылары Денсаулық сақтау министрлігі тапсырыс берген барлық көлемді жеткізетінін мәлім етті. Бұл – ішкі нарық толығымен қамтамасыз етіледі деген сөз.

Сергей Барон, «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС бас директоры:

- Біз өзара ынтымақтастыққа дайынбыз, алайда басты міндет – Қазақстан халқын вакцинамен қамтамасыз ету. Осы айда 1,2 млн доза шығардық. Мамыр айының соңында дәрі-дәрмек бірыңғай дистрибьюторға жеткізіледі. Ал маусым айында тағы 1,5 млн доза вакцинаны шығаруды жоспарлап отырмыз.

Авторы: Ақзер Сегізбай