Қазақстаннан Үндістанға гуманитарлық көмек жетті

Коронавирустық инфекциямен күресу үшін қазақстандық гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы Үндістанға жеткізілді.

Айта кету керек, бұл елде COVID-19-дың таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Мұнда тәулігіне 300 мыңнан астам адамнан вирус анықталуда. Жалпы салмағы 40 тоннаға жуық гуманитарлық көмекке медициналық маскалар, респираторлар, обаға қарсы арнайы киімдер және елімізде өндірілген өкпені жасанды желдету аппараттары кіреді. Бағалы жүк Қызыл Кресттің Үнді өкілдігіне берілді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Үкіметке осы айдың басында Үндістан тарапына гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырған болатын. Екінші борттың келуі алдағы сағаттарда күтіледі.