118 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

118 мыңнан аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 642 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 118 004 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 769  COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 133 887.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 16190

Алматы қаласы - 16269

Шымкент қаласы - 5381

Ақмола облысы - 5432

Ақтөбе облысы - 3493

Алматы облысы - 5801

Атырау облысы - 11708

Шығыс Қазақстан облысы - 16670

Жамбыл облысы - 4467

Батыс Қазақстан облысы - 8140

Қарағанды облысы - 11164

Қостанай облысы - 5553

Қызылорда облысы - 3296

Маңғыстау облысы - 3441

Павлодар облысы - 6674

Солтүстік Қазақстан облысы - 6713

Түркістан облысы – 3495

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы және 2 өлім жағдайы  тіркелді. Оған қоса 47 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 42 455, 446 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны  30 728 жетті.