117 400-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

117 400-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 499 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 117 362 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 770  COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 133 118.

 Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

 Нұр-Сұлтан қаласы - 16149

Алматы қаласы - 16197

Шымкент қаласы - 5376

Ақмола облысы - 5343

Ақтөбе облысы - 3488

Алматы облысы - 5777

Атырау облысы - 11677

Шығыс Қазақстан облысы - 16530

Жамбыл облысы - 4452

Батыс Қазақстан облысы - 8106

Қарағанды облысы - 11143

Қостанай облысы - 5471

Қызылорда облысы - 3294

Маңғыстау облысы - 3436

Павлодар облысы - 6575

Солтүстік Қазақстан облысы - 6616

Түркістан облысы – 3488.

 Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 232 жағдайы және 1 өлім жағдайы  тіркелді. Оған қоса 119 адам емделіп шықты.

 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 42 447, 444 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны  30 681 жетті.

 

Фото: tvsamara.ru

×