115 400-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

115 400-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 563 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 115 384 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 813  COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 129 213.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 15833 (+71)

Алматы қаласы - 15876 (+74)

Шымкент қаласы - 5349 (+4)

Ақмола облысы - 4912 (+76)

Ақтөбе облысы - 3474 (+5)

Алматы облысы - 5626 (+21)

Атырау облысы - 11583 (+12)

Шығыс Қазақстан облысы - 15911 (+170)

Жамбыл облысы - 4382 (+16)

Батыс Қазақстан облысы - 7912 (+41)

Қарағанды облысы - 11030 (+21)

Қостанай облысы - 5050 (+75)

Қызылорда облысы - 3289

Маңғыстау облысы - 3431

Павлодар облысы - 6017 (+107)

Солтүстік Қазақстан облысы - 6067 (+117)

Түркістан облысы - 3471 (+3).

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 161 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 73 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 41 756, 439 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны  30 362 жетті.

 

Фото: ru.egemen.kz

×