Дүниежүзілік қатерлі іскке қарсы күрес күні

4 ақпан - Дүниежүзілік қатерлі іскке қарсы күрес күні. Бүгінде обыр әлемдегі өлім дерегі бойынша екінші орында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемнің әр 5-ші тұрғыны осы қатерлі ісікке шалдыққан. Онкологиялық аурулардан қайтыс болғандардың 70 проценті - табысы төмен және орташа деңгейлі елдердің азаматтары.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы уақытта кеселдің бұл түрі балалар мен жасөспірімдер арасында жиі анықтала бастаған. Елімізде жыл сайын орта есеппен  36 мыңға тарта жағдай тіркелсе, науқастардың 14 мыңы ауруды жеңе алмай көз жұмады. Тек былтырдың өзінде 32 мыңнан астам адам осы қатерлі ісікке шалдыққан. Жалпы қазіргі таңда Қазақстанда 190 мың адамда қатерлі дерт анықталып отыр.  Аурудың алдын алып, жатыр мойын, сүт безі мен ішектегі қатерлі ісікті ерте бастан анықтау үшін елде ұлттық скринингтік бағдарламалар ендірілген. Оны анықтап, науқастарды емдеу кеплдендірілген тегін медициналық көмек түріне жатады.