Қазақстанда соңғы тәулікте 1651 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда соңғы тәулікте 1651 адам коронавирус жұқтырды
inform.kz

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1651 жаңа жағдайы тіркелді. Науқастардың басым бөлігі - 370 адам елордада анықталды. Одан кейін Қарағанды облысында 191 адамның бойынан инфекция табылса, Алматы қаласының 185 тұрғынының диагнозы ПТР зерттеу арқылы қуатталған. Ел Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 372 мыңнан асты. Қазіргі уақытта 25 мыңнан аса адам ковид инфекциясынан емделуде, оның ішінде 1200-ден аса пациент стационарда ем қабылдауда. Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасуда. Соңғы мәліметтерге сәйкес,  10 миллион 538 мыңнан аса қазақстандық толық иммундаудан өткен. Ревакциналанғандар қатары 5 миллион 220 мыңнан асты.