156 мың 600-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

156 мың 600-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 1124 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 156 521 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 1180  COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 172412.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы     20547        

Алматы қаласы   20750        

Шымкент қаласы 5757          

Ақмола облысы  8690          

Ақтөбе облысы   3851          

Алматы облысы  8459          

Атырау облысы  15186        

Шығыс Қазақстан облысы    19669        

Жамбыл облысы 5342          

Батыс Қазақстан облысы       10085        

Қарағанды облысы       12991        

Қостанай облысы 8878          

Қызылорда облысы      3506                   

Маңғыстау облысы      3922                   

Павлодар облысы         11014                  

Солтүстік Қазақстан облысы 9787                   

Түркістан облысы        3946                   

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 131 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 120 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 47 115, 547 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны  34 925 жетті.