Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Өткен тәулікте республика бойынша инфекция жұқтырудың 110 дерегі тіркелді. Бұл алдынғы күнмен салыстырғанда шамамен екі есеге көп. Антирейтингті бастап тұрған Алматыда – 56, Нұр-Сұлтанда 29 науқас анықталды. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта елімізде 500-ден астам адам ковид инфекциясынан емделіп жатыр. Оның жүзге жуығы стационарда дәрігер бақылауына алынған. 4 адамның жағдайы ауыр. Пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 306 мыңнан асты.