Алғаш рет маймыл шешегі баланың бойынан анықталды

Алғаш рет маймыл шешегі баланың бойынан анықталды

Францияда алғаш рет маймыл шешегінің балаға жұғу дерегі анықталды. Бұл туралы Иль-де-Франс аймағының жергілікті денсаулық қызметі хабарлады. Қазір жеткіншектің кімдермен байланыста болғанын анықтап, тізбегін құру үшін жедел топ құрылды. Дегенмен дәрігерлер инфекцияның кең таралу қаупі жоқ болғандықтан карантин жариялау қажет емес екенін айтады. Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымы маймыл шешегінің күрт етек жайып бара жатқанын мәлімдеген болатын. Мамандардың айтуынша  бұл ауру аса қатерлі емес, науқастардың көпшілігі бірнеше апта көлемінде сауығып шығады. Соған қарамастан кей адамдарда індет ауыр түрде өтуі мүмкін.