Biontech пен Pfizer жаңа вакцинаны сынады

Biontech пен Pfizer жаңа вакцинаны сынады

Немістің BioNTech және америкалық  Pfizer фармацевтикалық компаниялары коронавирустың омикрон штамына қарсы екі жаңа вакцинаны сынақтан өткізді. Екі дәрінің де тиімділігі 56 жастан асқан 1200-ден астам адам қатысқан клиникалық зерттеулерде талданды. Ғалымдар екі препарат та штаммға қарсы жоғары тиімділікті көрсеткенін айтады. Айта кетейік, жаз басталғалы Еуропаның көптеген елінде омикрон штамы етек жая бастады. Сарапшылардың пікірінше, вирустың бұл түрі өзгелерге қарағанда тез таралады.