Медициналық сақтандыру қоры коронавирус індетімен ауырғандарға қандай көмек көрсете алады?

qarqaragazeti.kz

Медициналық сақтандыру қоры 2020 жылы 31 млрд теңгеден астам қаражатты азаматтардың денсаулығын әр деңгейде оңалту көмегіне жұмсаған. Ал оның ішінде, коронавирус індетінен станционарда көрсетілген көмекке 132 мың адам жүгінген екен. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Ляззат Шоманова мәлімдеді.

Маманның айтуынша, медициналық сақтандыру қоры коронавирус індетінен кейін оңалту көмегімен ғана емес, індетті жұқтырған азаматқа толық ем-дом шараларын төлейді.

ЛЯЗЗАТ ШОМАНОВА, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

– Әрбір COVID-19 немесе коронавирустық пневмонияға шалдыққан науқастар фонд тарапынан. Барлық көмек тізбесін ала алады. Мысалы, COVID-19 немесе коронавирустық пневмjниядан ауырған аурулар аурудың барлық кешенінде ПЦР тестінен бастап, ауруханаға жолданған және амбулаторлық ем алған барлығы да сол қор есебінен тегін көмек ала алады.

Сондай-ақ Медициналық көмектің сапасын бақылау департаменті директорының сөзінше, коронавирустан үй жағдайында емделген азаматтарға да көмек қарастырылған. Ең бастысы, ауырған азамат өзінің тіркелген емханасына барып, учаскелік дерігерге қаралуы тиіс.

ЛЯЗЗАТ ШОМАНОВА, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

– Үй жағдайында, үйлерінде өздері тест өтіп вирустық ауруға шалдыққандары белгілі болса, ол кісілерде мен айтып өткен оңалту көмегіне жүгінуге хақылы. Өйткені коронавирустық инфекция оңалтуды қажет етеді. Кейбір кісілерде саматикалық аурулардан басқа, тыныс тарылуы дейді, өзінің кейбір қабілеттерінен айырылуы немесе шектелуі мүмкін. Кейбір адамдарда депрессияның белгілері болады. Психиатрлық көмектердің қажеті тууы мүмкін. Соның барлығын дәрігер анықтайды.  

Айта кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының атынан бүгінде  559 емхана көмек көрсеткен. Оның 200-ден астамы жеке меншік медициналық ұйымдар.

×