Бас санитарлық дәрігер ревакцинация туралы қаулыға қол қойды

Бас санитарлық дәрігер ревакцинация туралы қаулыға қол қойды

Коронавирусқа қарсы ревакцинациядан барлық қазақстандықтар мен  ел аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтар өтуі тиіс. 25 мамырда күшіне енетін қаулыға республиканың бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қол қойды. Жаңа қаулыға сәйкес, екпені жарты жыл бұрын бустерлі дозаны алғандар да салдыруы керек. Осылайша, ревакцинацияның тағы бір дозасын медицина, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, құқық қорғау органдары, мұғалімдер, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің өкілдері және 50 жастан асқан адамдар алуы тиіс.