QazVac ДДСҰ-да тіркеудің алғашқы кезеңінен өтіп жатыр

QazVac ДДСҰ-да тіркеудің алғашқы кезеңінен өтіп жатыр

Қазақстандық QazVac вакцинасы ДДСҰ-да тіркеудің алғашқы кезеңінен өтіп жатыр. Бұл туралы экс-денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Алексей Цойдың айтуынша, препаратты халықаралық ұйымда тіркеу – ұзақ уақытты талап ететін күрделі әрі көпсатылы формат. Қазақстан үшін алғашқы тәжірибе. ДДСҰ-ның жергілікті өкілдігінің мамандары тиісті консультациялық қолдау көрсетуде.

Алексей Цой, экс-денсаулық сақтау министрі:

- Қазір мерзімі бойынша бірдеңе деу қиын. Жалпы 4 кезең бар, біз біріншісіндеміз. Қазақстан бұрын-соңды вакцина өндірісін қолға алмаған еді. Оның салынғаны жаңа ғана, десе де халықаралық стандарт бойынша аккредитациядан өткізуге кірістік. Әрбір процесс уақытты қажет етеді.