ШҚО-дағы Пантамен емдеу орталығы жыл бойы жұмыс істейді

ШҚО-дағы Пантамен емдеу орталығы жыл бойы жұмыс істейді

Пантамен емдеуге сұраныс бар. ШҚО-да емнің бұл түрі жыл бойы қолжетімді. Шипажайларға қазақстандықтардан басқа көрші елдерден де турист көптеп келеді. Бұған дейін қонақтарды мамырдың аяғынан шілде айына дейін ғана қабылдаған еді.

Жыл бойы жұмыс істеу туристік аймақтардың қызметін арзандатуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Мысалы, Катонқарағайдағы жергілікті шаруашылықтарда 3,5 мың басқа жуық марал бар. Олар еліміздегі мүйізден алынатын өнімнің 85% өндіреді.

Назерке Асқарқызы, Пантамен емдеу орталығының директоры:

- Жазда үлгермей қалатындар бар. Күзде, қыста немесе көктемде демалатын адам көп. Катонқарағайда осы маусымда жұмыс істейтін емханалар болмағандықтан, адамдар пантамен емдеуді қолдана алмайтын еді. Ал енді біз жыл бойы жұмыс істейміз.

Иван Божков, турист /Алматы облысы/:

- Алғашқы күні денемдегі күш-қуатым артып, қан тарағандай болды. Екінші және үшінші курстан соң бойым сергіді. Тіпті тауға да шығып қайттық.