149 мың 800-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

149 мың 800-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 761 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 149 843 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 692  COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 163 711.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 19335

Алматы қаласы - 19747

Шымкент қаласы - 5627

Ақмола облысы - 7895

Ақтөбе облысы - 3766

Алматы облысы - 7731

Атырау облысы - 14466

Шығыс Қазақстан облысы – 19321

Жамбыл облысы - 5164

Батыс Қазақстан облысы - 9669

Қарағанды облысы - 12492

Қостанай облысы - 8230

Қызылорда облысы - 3449

Маңғыстау облысы - 3810

Павлодар облысы – 9980

Солтүстік Қазақстан облысы – 9237

Түркістан облысы – 3792

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 25 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 41 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 46 375, 526 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны  33 945 жетті.