Қазақстанда ревакциналау басталды

Қазақстанда ревакциналау басталды

Қазақстанда халықты коронавирусқа қарсы қайта вакциналау науқаны басталды. Екпе жұмыстары негізінен екі кезеңде жүзеге асады. Бірінші кезекте мұғалімдер, медицина қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық балалар мекемелерінің мамандары, сондай-ақ күш құрылымдарының қызметкерлері алады. Сонымен қатар жасы 60-тан асқан және антидене сынамасы теріс болған адамдарға да екпенің үшінші бөлігін салдыруға рұқсат етілді. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биыл ревакциналаудың бірінші кезеңінде 1 млн, ал екінші кезеңінде 6 млн-нан астам адамды қамту жоспарланып отыр.