Қазақстанда өткен тәулікте 723 адам коронавирус індетінен жазылып шықты

Қазақстанда өткен тәулікте 723 адам коронавирус індетінен жазылып шықты

Қазақстанда коронавирустан сауығып шыққандар қатары артып келеді. Өткен тәулікте 723 адам жазылып шықты. Осылайша індетті жеңгендер саны 147 мың 500 адамнан асты. Соған қарамастан өткен тәулікте COVID-19-бен ауырғандар саны күрт өсті. Өткен тәулікте аталған диагноз  831 қазақстандықта анықталған. Айта кетейік, бір күн бұрын статистика еліміз бойынша 775 науқас анықталғанын көрсеткен болатын. 
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал төмендегідей: 
Алматы қаласында - 19266(+128),
Шығыс Қазақстан облысында - 19172 (+50),
Нұр-Сұлтан қаласында -19089(+76),
Атырау облысында - 14173(+107),
Қарағанды облысында - 12333(+35),
Павлодар облысында - 9665(+87),
Батыс Қазақстан облысында - 9482(+43),
Солтүстік Қазақстан облысында - 9024(+57),
Қостанай облысында - 7977(+65),
Ақмола облысында - 7658(+59),
Алматы облысында - 7476(+56),
Шымкент қаласында -5555(+18),
 Жамбыл облысында - 5094(+17),
Маңғыстау облысында - 3779(+8),
Ақтөбе облысында -3741(+12),
Түркістан облысында - 3737(+9),
Қызылорда облысында -3429(+4).
Айта кету керек,  өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 76 жағдайы тіркелді. Оған қоса 106 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 46190, 519 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 33681 жетті.