146 мың 800-ге жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

146 мың 800-ге жуық  қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 810 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 146 789 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 775  COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 159 819.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 19013

Алматы қаласы - 19138

Шымкент қаласы - 5537

Ақмола облысы - 7599

Ақтөбе облысы - 3729

Алматы облысы - 7420

Атырау облысы - 14066

Шығыс Қазақстан облысы – 19122

Жамбыл облысы - 5077

Батыс Қазақстан облысы - 9439

Қарағанды облысы - 12298

Қостанай облысы - 7912

Қызылорда облысы - 3425

Маңғыстау облысы - 3771

Павлодар облысы – 9578

Солтүстік Қазақстан облысы – 8967

Түркістан облысы – 3728

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 94 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 177 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 46 114, 519 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны  33 575 жетті.