146 мыңға жуық қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

146 мыңға жуық  қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Өткен тәулікте тағы 785 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 145 979 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 742  COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 159 044.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 18891

Алматы қаласы - 19033

Шымкент қаласы - 5525

Ақмола облысы - 7539

Ақтөбе облысы - 3721

Алматы облысы - 7359

Атырау облысы - 13991

Шығыс Қазақстан облысы – 19080

Жамбыл облысы - 5062

Батыс Қазақстан облысы - 9407

Қарағанды облысы - 12268

Қостанай облысы - 7853

Қызылорда облысы - 3418

Маңғыстау облысы - 3766

Павлодар облысы – 9503

Солтүстік Қазақстан облысы - 8911

Түркістан облысы – 3717

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 29 жағдайы  тіркелді. Оған қоса 100 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 46 020, 513 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны  33 398 жетті.