Ревакциналау Үкімет қорының есебінен жүргізіледі

Ревакциналау Үкімет қорының есебінен жүргізіледі

Ревакциналауға жұмсалатын қаражат Үкімет қорынан бөлінеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліс отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, екпе салудың екінші кезеңі қараша айында басталады. Препаратты бірінші болып дәрігерлер, мұғалімдер және жасы 60-тан асқан азаматтар алады. Қайта иммундау кампаниясына барлығы 800 мың адам қатысады деп жоспарланып отыр. Ал келер жылы тағы 2 млн тұрғын екпе салғызады.