Дүниежүзілік таза қол күні аталып өтілуде

Дүниежүзілік таза қол күні аталып өтілуде

15 қазан – Дүниежүзілік қол жуу күні.

Айта кетейік, бұл мереке алғаш рет 2008 жылдың 15 қазанында тіркелген. Содан бері игі дәстүрге айналған ерекше шараның идеясы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы, ЮНИСЕФ балалар қоры мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына тиесілі. «Тазалық – денсаулық кепілі» демекші бұл күннің басты мақсаты – қолды жууды дағдылы әрекетке айналдыру. Бұл түрлі аурулардың алдын алуға септеседі. Тырысқақ, вирустық пневмония, гепатит, дифтерия, өткір респераторлық індеттер, қышыма тұмау, түрлі саңырауқұлақ сынды кеселдердің тарауынан қорғайды.

Мамандардың айтуынша, бұл аурулар Азия мен Африкада балалар өлімінің жоғары болуының басты себептерінің бірі. Мәселен, әлемде күн сайын 5 мың бала «лас қол ауруы» деп аталатын диареядан көзіп жұмып жатыр. БҰҰ және ДДСҰ сарапшыларының айтуынша, жуылмаған қол мәселесінің арты ауыр салдарыға әкеледі және оны жаһандық деңгейде шешу керек.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов