Елордада IX Еуразиялық радиологиялық форум басталды

Елордада IX Еуразиялық радиологиялық форум басталды

Қазақстанда радиолог мамандар тапшы. Коронавирус пандемиясы дәл осы бейіндегі дәрігерлердің маңыздылығын айқын көрсетіп берді. Бұл туралы дәстүрлі IX Еуразиялық радиология форумының ашылуында Ұлттық нейрохирургия орталығының радиология бөлімшесінің меңгерушісі Жәнібек Байтұрлин айтты. Маманның сөзінше, елде технология жеткілікті болғанымен, кадр тапшылығы мәселесі әлі де өзекті. Сондықтан мұндай форумдарға жас дәрігерлердің тәжірибелі мамандар мен халықаралық деңгейдегі профессорлармен тілдесуі маңызды. Үш күнге жалғасатын IX Еуразиялық радиология форумында коронавирус пандемиясы жағдайындағы радиологияның орны мен рөлі, сондай-ақ радиологиядағы жаңа жетістіктер талқыға түседі.

Жәнібек Байтұрлин, Ұлттық нейрохирургия орталығының радиология бөлімшесінің меңгерушісі /Нұр-Сұлтан қаласы/:

- 2019-2020 жылдар, 2021 жылдың жартыжылдығы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде рентгенология, сәулелі диагностика саласында біздің мамандардың, әсіресе рентгенологтардың, компьютерлік томографиямен айналысатын мамандардың маңыздылығын көрсетті. Менің ойымша, қазір ешқандай мәселе жоқ. Қазіргі уақытта үлкен қалаларда бір емес, бірнеше компьютерлік томография бар. Алматы, Нұр-Сұлтанды айтпай-ақ қояйын. Жалпы облыс орталықтарының өзінде бірнеше томограф бар, рентген аппараттарының бары да сөзсіз. Басты мәселе – қазіргі жағдайда осы салада мамандардың жетіспеуі.

Авторы: Ақзер Сегізбай