Медициналық мекемелерде видеоға түсіруге рұқсат берілді

Медициналық мекемелерде видеоға түсіруге рұқсат берілді

Қазақстанда медициналық мекемелерде дыбыстық және бейне жазба жүргізуге қойылған шектеу алынып тасталды. Бұл туралы республиканың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында жарияланды. Оған сәйкес денсаулық сақтау ұйымында, медициналық жедел жәрдем көлігінде, карантин үшін жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда пациенттер мен медицина қызметкерінің келісімінсіз аудио, фото және видео түсіруді шектеу тармақшасы алынып тасталды. Сонымен қатар коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдарды оқшаулау тәртібі де өзгерді. Науқас азаматпен байланыста болған адамдар міндетті түрде екі апталық карантинде болуы қажет. Ал екпе алған азаматтарда аурудың клиникалық белгілері болмаса оқшауланбайды.