Қазақстанда коронавирус індетінен жазылғандар саны 141 731 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус індетінен жазылғандар саны 141 731 адамға жетті

Қазақстанда өткен тәулікте 1047 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Осылайша, ел бойынша жазылғандар саны – 141 731 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 726 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 153 925.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей: 
Нұр-Сұлтан қаласы 18326 
Алматы қаласы 18324 
Шымкент қаласы  5502 
Ақмола облысы 7135 
Ақтөбе облысы 3676 
Алматы облысы 7032 
Атырау облысы 13334
Шығыс Қазақстан облысы 18780 
Жамбыл облысы  4980 
Батыс Қазақстан облысы 9162 
Қарағанды облысы 12029 
Қостанай облысы  7447 
Қызылорда облысы 3378 
Маңғыстау облысы 3682 
Павлодар облысы 8965 
Солтүстік Қазақстан облысы  8512 
Түркістан облысы 3661
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 170 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 89 адам емделіп шықты. 
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 45 630, 498 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32 982 жетті.