Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал

Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қатысты эпидемеологиялық жағдай түзелген жоқ. Аурудың тіркелу көрсеткіші тұрақсыз. Бүгінгі таңда қатерлі індет жұқтырудың 152 мыңнан астам дерегі қуатталған. COVID-19 таралуы бойынша Ақмола, Атырау, Қостанай және Павлодар өңірлері қызыл аймаққа енген. Бұл жөнінде кезекті брифинг барысында еліміздің денсаулық сақтау вице-министірМарат Шоранов мәлім етті. Оның айтуынша, Қазақстан 28 желтоқсанда жасылдан сары аймаққа ығысқан. Алайда биыл инфекцияның өзгеде 50 астам түрі бойынша ауру жұқтыру көрсеткіші төмендеген. Бұл орайда республикадағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Халық арасында тырысқақ, оба, дифтерия, сіреспе, полимэлит, безгек аурулары тіркелген жоқ.

МАРАТ ШОРАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Қызылшамен ауыру жағдайы 3,7 есе, сальмонеллезбен ауыру 2 есе, менингогок инфекциясын жұқтыру деңгейі 1,8 есе азайды. Созылмалы вирусты гепатиттің тарау жағдайы 42%, туберкулез 22%, өткір вирусты гепатит 9,3% төмендеді. Қазақстанда қазіргі уақытта ұлттық кестеге сәйкес инфекциялық ауруларға қарсы профилактикалық екпе жұмыстары жалғасуда.

×